Бекқұл баба атындағы негізгі мектебі бойынша Республикалық «Қамқорлық» қайырымдылық акциясының жұмыс жоспар құрылып, бекітілді. Сол жоспарға сай жұмыстар атқарылды. «Қамқорлық» акциясы жыл сайын өтетін қайырымдылық шаралардың біріне айналып отыр. Басты мақсаты – тұрмысы төмен, көп балалы және жетім, мүгедек, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету және қолдау көрсету болып табылады. Қайырымдылық – мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Қайырымдылық – мүдделі, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау. Халқымыз көмекке мұқтаж адамға көмек көрсетіп, қайырымдық жасау, қарттарды аялау, мүгедектерді қорғап қоршау әрбір қайырымды адамның адамгершілік борышы деп есептейді. Осы мақсатта 5 ақпан күні 6-9 сынып «Бозбала» клубының оқушылары – Бекмухамбетова З.Т., Мырзагиева Р., Амирова К. апайлардың үйлеріне барып, ауласындағы қарларын күреп, көмек көрсетті.
8-9 сынып аралығында «Қамқорлық – адамгершіліктің белгісі» тақырыбында эссе жазды. 25 – 30 қаңтарда 1-8 сыныптар аралығында жәрмеңке ұйымдастырылды. 10 қаңтардан бастап 5-9 кластар арасында «Қамқорлық» қайырымдылық марафоны өтті.